Атырауда 1065 орындық 6 балабақша ашылды

full 1 Жаңалықтар

Биыл облыс бойынша 1065 орындық алты балабақшаның құрылысы аяқталды. Қазіргі таңда Махамбет  ауданына қарасты  Алмалы, Талдыкөл ауылдарында 160 орындық балабақша  құрылысы жалғасып жатыр.

full (1)

Сонымен қатар, Индер ауданы, Индербор поселкесінде орналасқан ауыл шаруашылығы колледжі үшін 100 орындық жатақхана салынады деп күтілуде. Бұдан бөлек, Исатай ауданынының Зинеден ауылынан 500 орындық оқу-сауықтыру лагері тұрғызылады. Бұл туралы аймақ басшысы Нұрлан Ноғаевтың қатысуымен өткен облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы Айдар Нұралиев мәлім етті.

2017-2019 жылдарға арналған облыстық бюджеттің нақтыланған жобасына түсінік берген басқарма басшысы денсаулық сақтау саласы бойынша ауыспалы нысандарға 226,7 млн. теңге, жаңа нысандарға 3,0 млн. теңге бөлініп отырғанын айтты. Нәтижесінде 200 орындық облыстық онкологиялық диспансер, Индер ауданы, Аққала ауылынан фельдшерлік-акушерлік пункт, Қызылқоға ауданы, Сағыз ауылынан 50 орындық жанұялық дәрігерлік  амбулатория тұрғызылады деп күтілуде. Сондай-ақ, Атырау қаласының Нұрсая ықшамауданынан жедел жәрдем бөлімшесі жасақталады. Исатай ауданы, Нарын селосынан фельдшерлік-акушерлік пункт салынады.

Сессияда күн тәртібіндегі екінші мәселе бойынша, еңбек ардагері Зайр Хидуллинді облыстың Құрмет грамотасымен марапаттау туралы шешім алынды.

Баян Жанұзақова

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз