Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда жылу жүйелері тозып тұр

АТЫРАУ ОБЛЫСЫНДА 567,7 ШАҚЫРЫМ ЖЫЛУ ЖЕЛІСІ БАР. ҚАЗІР АТАЛҒАН ЖЕЛІНІҢ 58,7 ПАЙЫЗЫ ТОЗҒАНЫ БЕЛГІЛІ БОЛЫП ОТЫР.

– Атырау облысының аумағындағы 14 352 шақырым электр желілерінің тозу деңгейі 40 пайызға жеткен. Сумен жабдықтайтын 4 263 шақырым құбырдың 29 пайызы тозған. Аталған мәселені шешу үшін Табиғи монополияларды реттеу комитетінің ұсынысы арқылы инвестициялық бағдарламалар шеңберінде жұмыстар жүргізіліп жатыр, — деді облыстық энергетика және тұрғын үйкоммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының орынбасары Серікқали Қанапин.

Табиғи монополияларды реттеу комитеті Атырау облысы бойынша департаментінің басшысы Әлібек Төлептің айтуынша, мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру шеңберінде «Тарифті инвестицияға айырбастау» жобасы іске асырылады.

«Бұл жобаны іске асырудың негізгі мақсаты – өңірді электр қуатымен қамтамасыз ету және су құбыры желілерінің, жылу коммуникациясының тозу деңгейін төмендетуге қол жеткізу. Өткен жылдың желтоқсан айында аталған тапсырма бойынша жаңа заңға қол қойылып, күшіне енді. Аталған заң аясында бірнеше проблеманы оң шешу көзделген. Ең бастысы – өңірдегі монополист компаниялардың құзырындағы желілердің тозу деңгейін төмендету. Бұл үшін алдымен монополист компаниялардың инвестициялық бағдарламаларын ұлғайту керек. Желілердің ескіруі – бір күнде пайда болған мәселе емес. Ал, оны төмендету де бір жылда аяқталмайтыны анық. Сондықтан, қазіргі мақсатымыз – монополист компанияларға тиесілі желілердің тозу деңгейін 15%-ға дейін төмендету. Бұл жұмыс кезең-кезеңімен іске асатын болады» деді Әлібек Төлеп.

Жолдас ҚАЙДАРОВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button