Атырауда жылдамдықты шектен тыс арттырған 5500-ден астам жүргізуші анықталды

atyrau 1 799x400 1 Жаңалықтар

Республикалық маңызы бар тас жолдарда соңғы 3 айда жылдамдықты шектен тыс асырған 5500-ден астам жүргізуші анықталды, деп хабарлайды Атырау облыстық ПД баспасөз қызметі.

Соңғы 3 ай қортындысымен республикалық маңызы бар тас жолдарда жүрігізушілердің көлік құралын жылдамдығын шектен тыс асырып, басқару жүйесін игере алмай аударылып немесе автокөлікпен үй жануарларына соқтығыс жасау салдарынан көптеген жол апаттары орын алды.

-Жол-көлік оқиғасын алдын-алу мақсатында патрульдік полиция ротасы бүгінгі күнге дейін жылдамдықты шектен тыс асырған 5650 жүргізушіні анықтады. Осы жағдайдың алдын алуға бірнеше рейдтік іс-шара жүргізіліп, жаднама парағы таратылды. Соған орай жүргізушілерден көлікті басқару барысында өзіңіздің және өзгенің өміріне немқұрайлы қарамай, жылдамақты шектен тыс асырмауды ескертеді, – деді Патрульдік полиция рота командирінің орынбасары Алмас Закариев.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз