Атырауда журналистер арасында бильярдтан жарыс өтті

unnamed 5 Жаңалықтар

28 маусым – БАҚ қызметкерлері күніне орай Атырау қаласы әкімдігінің қолдауымен журналистер арасында бильярдтан жарыс өтті.

 «Атырау-Ақпарат» ЖШС ардагерлер кеңесінің төрағасы Нұрлан Қабылов жыл сайын кәсіби мереке қарсаңында дәстүрлі ұйымдастырылып келе жатқан бұл жарыстың шығармашылық адамдар үшін пайдалы екенін айтты.

– Бұл – бір жағынан өнер, бір жағынан спорт. Мұндай үлкен додалар журналистердің шығармашылығын арттырса, екінші жағынан олардың арасындағы достыққа дəнекер болады. Сондықтан биылғы жиынға да журналистер қауымы жыл бойы дайындалып, үлкен үмітпен келіп отыр. Барлық əріптестеріме шығармашылық табыс тілеймін,-деді Нұрлан Қабылов.

Жарысқа БАҚ саласының 30-ға жуық өкілі қатысқан болатын. Сайыс қорытындысы бойынша жүлделі I орынға «КТК» телернасының атынан қатысқан Айбек Байзақов ие болды. II орынды «ТДК-42» телеарнасынан Манас Шарипов жеңіп алса, III орын «Atyraý» телеарнасының редакторы Нұржан Өмірбаевтың еншісіне тиді. Атырау қаласының əкімі Қайрат Оразбаев бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін кəсіби мерекемен құттықтап, жүлдегерлерді құнды сыйлықтармен марапаттады.

Алтынбек МЕРСАДЫҚ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз