Сапалы қызмет – салымшыға құрмет

20180215163440 Жаңалықтар

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының басты міндеттерінің бірі – салымшыларына сапалы қызмет көрсетіп, жеке зейнетақы шоттарындағы қаржының жай-күйі туралы дер кезінде толық ақпарат беру. Қазіргі техникалық үдерістер қарыштап жылжып, түрлі электрондық мүмкіндіктер дамып жатқан кезде Қор да өз салымшыларына түрлі қызмет түрлерін ұсынып, уақытты неғұрлым үнемді пайдалануға барынша жағдай жасауда. Сөзіміз дәйекті болу үшін, Қордың салымшыларға ұсынып отырған электрондық қызметтеріне біртіндеп тоқталып, тағы да бір шолу жасап өтейік.

Халық арасында ең көп сұранысқа ие қызмет түрі – зейнетақы жинақтары туралы ақпарат алу. Президенттің 2021 жылдың басында зейнетақы жинағының бір бөлігін нысаналы мақсаттарға пайдалануға мүмкіндік жасау туралы тапсырмасынан кейін қызметтің осы түріне деген сұраныс тіптен арта түсті. Салымшылардың осындай қажеттілігін ескерген БЖЗҚ мамандары электрондық сервисті барынша дамытып, корпоративтік сайттағы, мобильді қосымша мен түрлі əлеуметтік желілердегі қызмет түрлерін көбейтіп, қарапайым халыққа қолжетімді əрі оңтайлы етуде. БЖЗҚ-ның www.enpf. kz корпоративтік сайты қазақ, орыс жəне ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Мұнда оннан астам электрондық, соның ішінде жаңадан іске қосылған қызметтер де бар. Мысалы, мақсатты пайдалану үшін қолжетімді зейнетақы жинақтарының сомасы жəне зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы деректер, инвестициялық п о р т ф е л ь д і б а с қ а р а т ы н компанияларға жинақтарды аудару мүмкіндігі туралы ақпаратты ілезде алуға болады. Елдегі эпидемиологиялық жағдай мен шектеу шараларына қарамастан, БЖЗҚ салымшыларға қажетті қызметтерді көрсетуін бір сəтке де тоқтатқан емес: enpf.kz. сайтындағы жеке кабинетке тіркелу арқылы бірқатар қызметтерді алуға, зейнетақы активтері бойынша ағымдағы көрсеткіштерді б а қ ы л а у ғ а , ш а р т т а р д ы ң деректемелерін толықтыруға жəне т. б. көптеген операцияларды жүзеге асыруға болады. Сіз бұл сервисті электрондық цифрлық қолтаңба немесе ЖСН мен парольді енгізу арқылы пайдалана аласыз. Жеке кабинетте, сондайақ, жеке зейнетақы шотының бар екендігі туралы анықтама алуға, мерзімсіз уақытқа I немесе II топтағы мүгедектіктің белгіленуіне байланысты зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беруге, қоныс аударуға, төлемге жəне тағы басқа себептер бойынша берілген өтініштің орындалу дəрежесін қадағалауға болады. Салымшылар көп қолданатын ең танымал онлайнқызметтердің бірі – жеке зейнетақы шотынан үзінді-көшірме алу. Қор көрсететін қызметтердің көпшілігін электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) не бір реттік парольді пайдалана отырып, www.egov. kz электрондық үкімет сайтынан да алуға мүмкіндік бар. ЭЦҚ-ны электрондық үкімет порталынан онлайн пішімде алуға болады. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының корпоративтік сайты да үнемі жаңартылып, жетілдіріліп отырады. Жаңа қызмет түрлері де іске қосылуда. Солардың бірі – зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы қашықтан беруге болатын өтініштердің түрлерін көбейту. Бұл қызметті енді БЖЗҚ-да ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы жинақтары бар 50 жасқа толған жəне мүгедектігі бар тұлғалар да пайдалана алады. Аталған қызмет түріне өтініш беру үшін қолданыстағы ЭЦҚ-ның, жеке басты куəландыратын құжаттың, ұлттық валютамызда ашылған банк шотының болуы қажет. ЭЦҚ-ны пайдалана отырып, Жеке кабинетте авторлану керек, содан кейін «Қызметтер» бөліміндегі «Зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру» қызметін таңдап, тиісті құжаттарды толтыру жəне ЭЦҚ-мен қол қою қажет. БЖЗҚ-ға берілген өтініштің өңделу мəртебесін сайттағы жеке кабинеттің «Қызметтер» бөліміндегі «Менің төлемдер/аударымдар туралы өтініштерім» қызметі арқылы оңай қадағалауға болады. Айта кететін тағы бір жайт, ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап ерікті зейнетақы жарналарын есепке алу үшін жеке зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға келіп түскен алғашқы ерікті зейнетақы жарнасы негізінде өтініш бермей-ақ ашылады.

Қор сайтындағы Болжалды зейнетақы калькуляторы да салымшылар үшін таптырмас көмекші. Бұл арқылы əр адам өзінің болашақ зейнетақысының мөлшерін есептей алады. Болжалды зейнетақы калькуляторы Қазақстанның көпдеңгейлі зейнетақы жүйесі шеңберіндегі зейнетақының барлық құрамдауыштарын қамтиды, олар: мемлекеттік базалық зейнетақы жəне жасына байланысты (немесе ортақ) зейнетақы, сондай-ақ, міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кəсіптік зейнетақы жарналары жəне ерікті зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы. Зейнетақы калькуляторы арқылы болашақ зейнетақыңызды есептеу оңай жəне өте жеңіл. Ол үшін «Болжамды калькулятордағы» туған күні, жынысы, еңбек өтілі, жинақ сомасы жəне т. б. барлық қажетті өрістерді толтыру керек. Егер сіз enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте тіркелген болсаңыз, калькулятордағы өрістер автоматты түрде толтырылады жəне болашақ зейнетақыны есептеу саусақтың екі-үш қимылымен-ақ жүзеге асырылады. БЖЗҚ-дан берілетін болашақ төлемдерді есептеу нəтижесі үш сценарийде беріледі: пессимистік, шынайы жəне оптимистік. Барлық үш нұсқада кірістіліктің болжамды деңгейі ескеріледі. Бұл ретте барлық болжамды нəтижелер нақты құндық мəнде (болжам жасалып отырған тиісті кезеңнің инфляциясы шегеріліп) ұсынылады. Сонымен қатар, зейнетақы калькуляторы сіздің зейнетке шығу жасыңыз бен күніңізді де көрсетіп береді.

Ж е к е кабинеттегі «Болжалды зейнетақы калькуляторында» жеткіліктілік шегінен асатын жəне тұрғын үй жағдайларын жақсарту мен емделуге арналған біржолғы зейнетақы төлемдері түрінде алуға болатын сома туралы ақпарат та беріледі. Бұл ретте сіз зейнетақы жинағыңыздың бір бөлігін мақсатты қажеттіліктерге алған кездегі өзіңіздің болашақ ай сайынғы зейнетақы төлемдеріңіздің сомасын көре аласыз. Есептеу кезінде сақтандыру ұйымымен зейнетақы аннуитеті шартын жасасу жəне өмір бойғы зейнетақы төлемдерін алу мүмкіндігі туралы хабарламасы бар қалқымалы терезе пайда болуы мүмкін. Мұнда да сақтандыру ұйымынан берілетін аннуитеттік төлемнің болжамды мөлшері көрсетіледі, оны сіз БЖЗҚдан кесте бойынша болашақта берілетін төлемдер мөлшерімен салыстырып, өзіңіз үшін қажетті қорытынды жасай аласыз. БЖЗҚ-ның электрондық қызметтерінің ішіндегі ауыз толтырып айтуға болатын тағы бір түрі – Android жəне IOS бағдарламалары қолданылатын кез-келген смартфонға немесе планшетке тегін жүктеуге болатын ENPF мобильді қосымшасы. Авторландыру үшін логин мен пароль пайдаланылады, мобильді қосымшаның көмегімен сіз Қор сайтындағы жеке кабинетке кіресіз. Мұнда барлық ақпарат қазақ жəне орыс тілдерінде ұсынылған. Ұялы телефон құрылғысы өміріміздің маңызды бөлшегіне айналған қазіргі заманда, ENPF мобильді қосымшасының тигізер пайдасы көп екені айтпаса да түсінікті. Ол арқылы жеке зейнетақы шотының бар екендігі туралы анықтама, ЖЗШ-дан үзінді көшірме алуға, өзіңізді мазалаған мəселе бойынша сауал жолдап, Мобильді кеңсенің шығуына, кері қоңырауға тапсырыс беруге, өз деректемелеріңізге өзгерістер жəне (немесе) толықтырулар енгізуге, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақының болжамды мөлшерін есептеуге болады. Сондай-ақ, мобильді қосымша шоттың жай-күйін бақылауға, зейнетақы жүйесіндегі барлық өзгерістер туралы білуге, БЖЗҚ-ның жақын жердегі кеңсесінің орналасқан жерін көруге, тіпті байланыс орталығына қоңырау шалуға мүмкіндік береді. Мұнда да сайттағы сияқты жаңа қызметтер іске қосылған. БЖЗҚ-ның əрбір салымшысы енді мобильді қосымша арқылы жеке зейнетақы шотындағы зейнетақы жинақтарының бір бөлігін тұрғын үйді жақсарту немесе емделуге пайдалану, сондайақ, инвестициялық портфельді басқарушы компанияларға аудару үшін жеткілікті екендігі туралы біле алады.

Б і р ы ң ғ а й ж и н а қ т а у ш ы зейнетақы қорының түрлі əлеуметтік желілердегі («Одноклассники», «Facebook», «В контакте», «Twitter» жəне «Instagram») ресми парақшалары да толассыз жұмыс жасауда. Қор парақшасына жолданған əрбір сұраныс мамандар тарапынан тыс қалмай, тиянақты түрде қаралып, тиісті жауабын алып отырады.

Айдан БЕКНҰР

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз