Атырауда жұмысқа орналастырып беремін деп 40 адамды алдаған күдікті ұсталды

64031ba85a1bd228883979 Жаңалықтар

Атырауда қаңтар-наурыз айларында тұрғындарды жұмысқа орналастырып беремін деп алдап, қомақты қаражатын жымқырған 1988 жылғы күдікті ұсталды.

Күдікті тұрғындарды ірі мұнай компанияларына жұмысқа орналастырамын деп әр адамнан 100-150 мың теңге көлемінде ақша қаражатын алып отырған. Нәтижесінде 40-қа жуық қала тұрғынының 4 млн-ға жуық теңгесін алаяқтық ниетпен қолды қылған.

«Аталған факті бойынша 1988 жылғы күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы 3-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалып, тергеу әрекеттері жүргізілді. Қазіргі таңда күдікті өз кінәсін толықтай мойындап уақытша ұстау изоляторына қамауға алынып, 40 эпизодты қылмыстық іс сотқа жолданды», – деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз