Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атырауда жұмыс аптасы қысқарады

Atr.kz/30 наурыз, 2020 жыл. Бұл туралы Атырау облысының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Мейіржан Есімбаев өз қаулысында мәлім етті.

«Меншік нысанына қарамастан ұйымдардың жұмыс уақытын немесе жұмыс аптасын қысқартуды ұсынсын» делінген қаулыда.

Сонымен бірге, Атырау қаласына кіруге және одан шығуға тыйым салынып отыр. Десе де, тұрақты тұрғылықты орындарына кіруге және шығуға екінші сәуір күнгі түнгі сағат 00-00 дейін рұқсат бар.

15 сәуірге дейін жалғасатын карантинге сәйкес, аудан тұрғындарына облыстар, аудандар және Атырау қаласы арасында жүруге тыйым салынады;

Облыстар және аудандар арасында ресми және ресми емес (тіркелмеген) жеке тасымалдаушылардың жолаушылар тасымалын жасауға тыйым салынады;

Барлық автовокзалдардың, автостанциялардың жұмысы тоқтатылады;

2020 жылғы 1 сәуірден бастап теміржолдағы аймақаралық жолаушылар қатынасы тоқтатылады;

Үкіметтік рейстер мен төтенше жағдай жөніндегі Атырау өңірлік комиссиясының төрағасымен келісілген рейстерден басқа, Атырау халықаралық әуежайының барлық рейстері тоқтатылады;

Баян ЖАНҰЗАҚОВА

http://atr.kz/bez-rubriki/%d3%99leumettik-zhelide-karantindik-auma%d2%9bta-t%d2%afski-as-berilip-zhat%d2%9ban-s%d3%99t-pajda-boldy/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button