Атырауда жұмыртқа бағасы өсті
Атырау қаласы бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағаларын тұрақтандыру бойынша күнделікті мониторинг жүргізіледі, деп хабарлайды atr.kz тілшісі.
Мониторинг нәтижесінде тоғыз тауар бағасында өсім байқалған. Атап айтқанда, рожки – 13,4%, күріш – 37,8%, , тұздатылған сары май – 7,3%, сиыр еті – 8,6%, сүзбе – 12,5%, сәбіз – 0,6%, қырыққабат – 53,3%, жұмыртқа – 8,5%, тұз –4,5%.-ға қымбаттаған.
Ал, жеті тауардың бағасы керісінше төмендеген. Олар — бірінші сұрыпты бидай ұны – 97,1%, қарақұмық жарна – 59,2%, күнбағыс майы – 85,2%, тауық еті – 90,9%, картоп – 68,5%, пияз – 89,7%, қант өнімі – 84,9%-ға арзандады.
Соңғы бір аптада жұмыртқаның ғана бағасы 10,0% -ға өскен. Мұны Атырау қалалық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімінің басшысы Мәлік Кариев жұмыртқа келетін Қостанай, Ақтөбе қалалары мен Павлодар облысында құс фабрикаларында өндірілетін өнім көлемі күрт азайғанымен байланыстырды.
“Бұрын Атырауға жұмыртқа көлемі 1 күнде 4 жүк көлігімен (фурадан) тасымалданса, қазіргі таңда 3 күнде 2 жүк көлігімен (фураның) әкелінуде.
Жұмыртқа бағасының өсу себебі бір жағынан жанар-жағармайдың шығыны, мерзімдік ауа-райына байланысты жол шығыны, басқа өңірлердегі және Ресей Федерациясынан тасымалданатын жұмыртқа өндірушілердің бағаны өз тараптарынан көтеруі де себеп болып отыр”,- дейді Мәлік Кариев.