КӨШБАСШЫ ӘЙЕЛ КӨБЕЙІП КЕЛЕДІ

Өткен аптада «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы ғимаратының мәжіліс залында Атырау облысы әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның ұсынысымен «Шаңырақ-2008» қоғамдық бірлестігі аудан әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссиясымен бірлесе отырып, «Әйелдер көшбасшылығы жазғы мектебі» шеңберінде «Көшбасшылық: гендерлік жетістіктер» тақырыбында семинар-тренинг өткізді.

Қазіргі қоғамның гендерлік үрдістерін талдау және қоғамдық дамуда әйелдердің көшбасшылығын кеңейтуге қатысты ғылыми-практикалық көзқарастарды қолдану басқосудың басты мақсаты болды.

Семинар барысында аудандық кәсіпкер-лік бөлімінің басшысы Ақтолқын Ахметжанова, облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның бас инспекторы Зәмзәгүл Жалмурзина, Атырау инженерлік-гуманитарлық институты колледжі директорының орынбасары Жаннат Асабаева сөз алып, іскер әйелдер алдында «Гендерлік теңдік стратегиясы: табысқа жету жолдары» тақырыбында әңгіме қозғады.

Аяпберген САЛИХОВ,
Исатай ауданы.
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз