Жарнама
Жаңалықтар

Қазақстанда үсік жүреді деп болжанды

15-17 маусымда Қазақстанда ауа райы қандай болады? Бұл сұраққа «Қазгидромет» РМК мамандары жауап берді.

Болжам бойынша еліміздің солтүстігі мен шығысында үсік жүреді.

«Республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстары қысымның жоғарылау аймағында болады. Бұл өңірлерде түнде ауа температурасы +2+10°С-қа дейін төмендейді, топырақ бетінде -2°С үсік жүреді, ал күндіз ауа массасы бірте-бірте +20+28°С-тан +25+32°С-қа дейін жылынады», – делінген хабарламада.

Сондай-ақ синоптиктер Қазақстанның батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында ауа райы атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен  қалыптасып, будақ-жаңбырлы бұлттар пайда болуы мүмкін екенін айтты: найзағай ойнап, жел күшейіп, шаңды дауыл соғады. 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button