
Жаңалықтар
Атырауда жүк көлігі қаққан 6 жасар бала мерт болды
Қайғылы оқиға 30 мамыр күні Атырау қаласы Жұлдыз-2 мөлтек ауданында болған.
«КамАз жүк көлігі велосипедпен келе жатқан 6 жасар жасөспірімді қаққан. Жасөспірім оқиға орнында қаза тапты. Аталған оқиғаға қатысты іс-құжаттар жинақталуда», — деп хабарлады Атырау облысы полиция департаменті.
Атыраулық полицейлер балалардың жазғы демалыс күндері жақындағандықтан ата-аналардан бала қауіпсіздігін қадағалауын сұрайды. Жол қозғалысының барлық қатысушыларына жол қауіпсіздігін сақтау қажеттілігін ескертеді.