Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда жол жиегіне электр желісіне жалғанған лента орнатылды

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мəліметінше, мұндай əдіс қараусыз малдың жолға шығып кетуіне тосқауыл болады. 

«Жол-көлік оқиға- ларының алдын алу мақсатында халықаралық «Ақтөбе-Атырау-РФ ше- карасы» тас жолының 574-шақырымында жол жиегіне ұзындығы 1 мың метрлік ток көзіне жалғанған лента қоршауы орнатылды. Ток көзі жануарларға қауіпті емес. Аталған қоршау автокөлік қауіпсіздігі үшін үй жануарларының тас жолға шығуына тосқауыл бола- ды. Алдағы уақытта осын- дай токқа жалғанған лен- таларды республикалық жəне облыстық маңызы бар тас жолдар бойындағы елді мекендердің тұсына орнату көзделіп отыр. Оның ұзындығы 10 шақырым. Оны орна- ту жергілікті атқарушы орган мекемелерімен бірлесіп жүргізіледі» делінген департаменттің баспасөз қызметі таратқан хабарламада. 

Бұдан бұрын Атырау– Индер жолына полиция көлігі мен малдың макеті қойылған болатын. 

ҚазАқпарат 

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button