Жаңалықтар
Атырауда жол талғамайтын көлік тұрғын үйге соқты (+ВИДЕО)
Atr.kz/27 қаңтар, 2020 жыл. Атырауда Toyota Land Cruiser Prado жол талғамайтын көлігі тұрғын үйге соқты. Соққының күштілігінен автокөлік шарбақты құлатып, үйге бұзып кірген.
Жол-көлік оқиғасы шамамен 25 қаңтарға қараған түні М. Қазірет (бұрынғы К. Маркс) көшесінде болған. Абырой болғанда, зардап шеккендер мен көз жұмғандар жоқ.
Полиция департаментінің баспасөз-қызметі таратқан мәліметке қарағанда, қазіргі уақытта көлік жүргізушісінің үстінен ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 610 бабы, 1 бөлімі бойынша әкімшілік іс қозғалып жатыр.