Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда жол апатынан бір отбасы мүшелері түгелдей көз жұмды

Атырауда жол апатынан бір отбасының 6 адамы мерт болды.

Жол-көлік оқиғасы бүгін сағат 9:10 шамасында болған. Бұл деректі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Атырау-Ақтөбе бағытындағы тасжолда Lada Priora пен Yutong автобусы соқтығысқан. Жол апатының салдарынан жеңіл көліктегі 5 жолаушы мерт болды. Көз жұмғандардың арасында 1985 жылғы әйел, 2013, 2016, 2019 және 2021 жылғы балалар бар. Lada Priora жеңіл көлігінің 1982 жылғы жүргізушісі Атырау облыстық ауруханасында алған дене жарақаттары салдарынан көз жұмды. Мерт болғандар бір отбасының мүшелері – ерлі-зайыпты мен олардың төрт баласы», — деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Жеңіл көлікпен соқтығысқан Yutong автобусы Атырау қаласынан Қызылқоға ауданындағы Сағыз стансасына күн сайын жолаушы тасымалдайтын қоғамдық екені анықталды.

Қазір аталған жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button