Атырауда үш күн бойы ыстық су болмайды

1533289463 news b Жаңалықтар

Атырауда үш күн бойы ыстық су тоқтатылады.

«Атырау жылу жүйелері» АҚ 19-21 сәуір аралығында магистралды және тарату жылу желілерін гидравликалық тығыздық пен беріктікке жоспарлы сынау жүргізілетінін назарға жеткізеді. Бұл күндері тұтынушыларға ыстық су беру тоқтатылады.

Жазатайым оқиғаларды болдырмау үшін сынақ кезеңінде жылу трассасының құбырларына 10 метрден жақын қашықтыққа жақындамауды сұраймыз.

Сондай-ақ,  тұрба құбырларында судың ағуы мен жарылуы орын алған жағдайда төменде көрсетілген телефондар бойынша дереу хабарлауды сұраймыз: 99-43-07, 99-43-98, 32-22-58

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз