Атырауда жезөкшелікпен айналысып келген түркістандық қыздар жауапкершілікке тартылды
«Оқиға 4 ақпан күні сағат таңғы үш шамасында орын алған» деп хабарлайды Atr.kz
Атырау қаласы, Уалиханов көшесінде орналасқан «Томирис» ықшам ауданының тұрғыны көршілес жалдамалы пәтерде жеңіл жүрістегі қыздардың «клиент» қабылдап, түнгі мезгілде тыныштықтарын бұзғаны жөнінде 102 операторына хабарлама берген.
«Хабарлама бойынша №2 учаскелік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторлары тексеру жұмыстарын жүргізді. Жалдамалы пәтерден жезөкшелікпен айналысатын Түркістан қаласының екі тұрғыны анықталды. Оларға қатысты Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 437 бабымен (түнгі тыныштықты бұзу) бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды» делінген Атырау облысы полиция басқармасының баспасөз-қызметі таратқан мәліметті.
Ал, тұрғын үйді жалға берген 1973 ж.т., пәтер иесіне қатысты Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 450 бабымен (көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну) әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылып, қысқартылған түрде 218 775 мың теңге көлемінде айыппұл салынды.
Сонымен қатар, пәтерді жалға беру дерегінің заңдылығын тексеру мақсатында, мәліметтер Атырау қаласы мемлекеттік кірістер басқармасына жолданатын болады.