
Жаңалықтар
Атырауда Жеңіс күніне орай бірнеше көше уақытша жабылады
Атырау қаласында 8 мамыр сағат 23:00-ден бастап 9 мамыр сағат 14:00-ге дейін Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өткізілуіне байланысты бірқатар көшеде көлік қозғалысы уақытша тоқтатылады. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады.
Уақытша жабылатын жол учаскелері:
-Тұрғындар қалашығы көпірінен Жеңіс саябағына дейінгі аралық;
-Нұрғиса Тілендиев көшесі – көпірден бастап Уағап Тұрымов көшесіне дейін;
-Луговая көшесі – Лев Владиморский көшесінен бастап Нұрғиса Тілендиев көшесіне дейін.
Қала әкімдігі тұрғындар мен қонақтардан уақытша шектеулерге түсіністікпен қарап, қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауды сұрайды.
Өз тілшіміз