Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда жедел жәрдем қызметіне 2 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды

Атырауда жедел жәрдем қызметінің ақпараттық қауіпсіздік талаптарын бұзғаны анықталып, айыппұл салынды. Цифрлық даму министрлігінің мәліметтеріне сәйкес, «103» қызметіне жүргізілген тексеруде «Көмек» жүйесі арқылы шақыру карталарында заңсыз өзгерістер енгізілгені анықталды. 8 мыңнан астам шақырудың күні мен уақыты жасанды түрде өзгертіліп, қызмет көрсеткіштерін жақсартуға бағытталғаны белгілі болды.

2024 жылы Атырау облысы жедел жәрдемнің кешігуі, өлім-жітім деңгейі және бригадалардың жүктемесі бойынша «қызыл аймаққа» енгені хабарланды. Алайда, осы кезеңдегі көрсеткіштер 2024-2025 жылдары манипуляцияланғаны анықталды.

2025 жылдың ақпанында прокуратура ұсынысымен арнайы комиссия құрылып, 1,9 миллион теңге көлемінде заңбұзушылықтар анықталды. Ақпараттық қауіпсіздік комитеті қосымша 100 АЕК айыппұл салды.

Бек АЙДАРӘЛИ

Сурет: tengrinews.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button