Атырауда барлық телеарналар өшіріледі

20170828093330 Жаңалықтар

Атырау облысының 8 елді мекенінде 4-11 қыркүйек аралығында телевидение өшіріледі. Бұл туралы «Қазтелерадио» АҚ баспасөз қызметі хабарлады.

20170828093330

– «Қазақстан Республикасы сандық телерадио хабарларын тарату ұлттық желісі» жобасын жүзеге асыру аясында Атырау облысының радиотелеарналық стансаларында (РТС) аналогты эфирлік телерадио хабарларын тарату техникалық құралдарын өшіру жұмыстары жүргізіледі», – деп хабарлады «Қазтелерадио» АҚ баспасөз қызметі. 4 және 5 қыркүйек күндері Мақат кентінде, 6-сы – Құлсары, 7-сі – Зинеден, 8-і – Жаңаауыл, 9-ы – Индербор, 10-ы – Қаракөл және Миялы, 11-ы – Сағыз кентінде телеарналар сөндіріледі. Телеарналардың өшірілуі Астана уақытымен 9-дан 10-ға дейін жүргізіледі.

Нұрсұлтан ЕРТУҒАНҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз

  1. Риза Алмуханова

    Құрметті менің әріптестерім, ойласу үшін жазамын, бізге КазГУ-де «Журналистикаға кіріспеден» дәріс оқыған Тауман Амандосов: «Телевидение деген орыс тілінде, ал қазақшасын айтқанда, телевизия деу
    керек», -деп еді. Осы туралы ақылдасып көрсеңіздер. Мына мәтінде «Атырау облысының 8 елді мекенінде 4-11 қыркүйек аралығында телевидение өшіріледі.» делінген екен.