Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда жасөспірімдер арасында Құран жарысы өтті

ҚАЗАҚСТАН МҰСЫЛМАНДАРЫ ДІНИ БАСҚАРМАСЫ АТЫРАУ ОБЛЫСТЫҚ ӨКІЛДІГІНЕ ҚАРАСТЫ «АНАШЫМ» МЕШІТІНІҢ АШЫЛҒАНЫНА БІР ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ ОБЛЫСТЫҚ ҚҰРАН ЖАРЫСЫ ӨТТІ.

– Бұл шараның маңыздылығы ерекше. Осы уақыт ішінде мешітімізде қайырымдылық, ағартушылық бағытында ауқымды шаралар ұйымдастырылды. Бүгінгі Құран жарысының мақсаты – рухани қуатты қоғам құруға атсалысу. Білімді де ізгілікті жастардың қатары көбейсін, — деді «Анашым» мешітінің имамы Айдын Серікбаев.

Жарыс үш аталым бойынша анықталды. 7 жасқа дейінгі балалар арасында «Фил», «Нəс» сүрелерін, 7 мен 15 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында «Духа», «Нəс» сүрелерін жəне 15 жастан жоғары қатысушылар арасында 30-шы параны жатқа айту бойынша бəсеке тартысты өтіп, 80-ге жуық қатысушы жарыс көркін қыздырды.

Құран сайысына облысымызға белгілі қари – ұстаздар қазылық етті. Жарыс қорытындысында 7 жасқа дейінгі балалар арасында ең жас қатысушы Мұсабек Санжарбекұлы I орынды иеленді. 7-15 жас аралығындағы жасөспірімдер арасында Арман Серіков жеңімпаз атанса, 15 жастан жоғары қатысушылар арасында Ахмет Олжасұлы үздік көрінді. Жеңімпаздардың барлығына дипломдар мен қаржылай сертификаттар табысталды.

Өз тілшіміз

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button