Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда жасөспірім суға батып кетті

Атырау қаласында суға белгісіз жағдайда батып кеткен жасөспірім іздестірілуде. Оқиға бүгін, 22 тамызда сағат 01:40-та орын алған.

Осы уақытта облыстық төтенше жағдайлар департаментіне қаланың Ақжар ауылының тұсында баланың суға батып кеткені туралы шақырту түседі.

Құтқарушылар оқиға орнына жеткен кезде 2010 жылы туған ұл баланың белгісіз жағдайда жабдықталмаған орында суға түсу кезінде батып кеткендігі анықталды.

–Сүңгуірлер таңға дейін шақырту орнында су асты іздестіру жұмыстарын жүргізді.
Бүгін сағат 6:30-да бұл жұмыстарды тағы жалғастырып, 16 құтқарушы, 4 техника, 4 жүзу құралы жұмылдырылды, — дейді департаменттің қоғаммен байланыс тобы.

А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Сурет: egemen.kz

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button