Атырауда жарапазан айтылды

img 20230330 wa0019 Жаңалықтар

Атырау көшелерінде қасиетті Рамазан айының келгенін хабарлайтын, халықты ізгілікке үндейтін «Жарапазан жыры» биыл алғаш рет шырқалды. Кейінгі кездері ұмыт қалған дәстүр «Иманғали» орталық мешітінің ұйытқы болуымен жаңғыртылып жатыр. Бұл туралы орталық мешіттің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Ертеректе кешкілік ауызашар кезінде ауылдың ән айтуға бейім жастары жиылып, әр үйдің тұсына келіп, жарапазан жырын шырқаған. Ежелгі дәстүрді жандандыру мақсатында «Иманғали» орталық мешітінің қызметкерлері орталық көшемен жүріп өтіп, жарапазан жырын шырқады.

img 20230330 wa0015

-Жарапазан жырын айту эстафетасын біз Жетісу облысына жолдап отырмыз. Алла қабыл етсін. Жалпы, жарапазан жыры Рамазан айында айтылады. Бұл  Рамазан бойы жасалатын ізгі амалдардың бірі, – деді Иманғали орталық мешітінің бас имамы Алтынбек Ұтысханұлы.

Жарапазан жырын жергілікті өнерпаздар орындап, жұртшылықты құттықтады. Сондай-ақ, мешіт тарапынан балаларға сыйлықтар үлестірілді.

Айта кетейік, жарапазанды жас-кәрісіне қарамай барлығы бірдей шырқайды. Ол адамгершілікті, имандылықты, әділет пен адалдықты, оразаны дәріптейтін жырлардың бірі. Оны орындаудың өзіндік сарыны бар.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз