Жарнама
Жаңалықтар

«Сайлау барлық талаптарға сай өтуде!»

Халықаралық байқаушылар Қазақстандағы кезектен тыс президент сайлауы заң бұзушылықсыз өтіп жатқанын атап өтті.

Бұл туралы Астанада Халықаралық байқаушыларға көмек көрсету ақпараттық орталығында өткен брифингте айтылды. «Қазіргі уақықа дейін дейін біз ешқандай заң бұзушылықты анықтаған жоқпыз. Сондықтан, біз күн тыныш өтіп, ел алдағы жеті жылда мемлекеттің сапалы дамуының негізін қалау үшін қолдан келгеннің бәрін жасайтын президентті қабылдайды деп шын жүректен үміттенеміз », — деді ТМД Парламентаралық ассамблеясы кеңесінің басшысы Дмитрий Кобицкий.

Бұл ретте байқаушылар да республика өңірлерінде сайлаудың заң бұзушылықсыз өтіп жатқанын атап өтуде. Соның бірі, қоғамдық бірлестіктің байқаушысы Нұрлыгүл Көшекбаева Атырау қаласындағы №8 сайлау учаскесінде сайлау заңнамасының барлық талаптары сақталуда екенін атап өтті.

– Учаскеде сайлауды өткізудің барлық тәртібі сақталған. Сайлау белгіленген уақытта басталды, тіпті бірінші сайлаушыға символикалық сыйлық та берілді» дейді ол.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button