Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда жаңа мәдениет үйлері салынып жатыр

Атырау қаласында мәдениет саласын дамыту мақсатында 4 ауылдық округте жаңа мәдениет үйлерінің құрылысы басталды. Әлеуметтік нысандар Дамбы, Алмалы, Атырау және Тасқала ауылдарында бой көтереді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды.

Дамбы, Алмалы және Атырау ауылдарында 200 орындық мәдениет үйлері, ал Тасқала ауылында 300 орындық заманауи мәдениет үйі салынады. Құрылыс жұмыстарының аяқталуы осы жылдың екінші тоқсанына жоспарланып отыр.

Мәдениет үйлерінің аумағы толықтай абаттандырылып, ғимарат ішінде акт залы, кітапхана және әртүрлі өнер үйірмесіне арналған жеке кабинеттер қарастырылмақ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button