Атырауда жаңа білім беру орталығы ашылды!

img 20210127 wa0081 Жаңалықтар

Атырау қаласындағы 10-11 сынып оқушылары үшін қуанышты жаңалық: Ұлттық бірыңғай тестілеуге жоғары деңгейде даярлайтын білім беру орталығы ашылды, деп хабарлайды Atr.kz тілшісі.

Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университеті базасында жұмысын бастаған Ustudy тестілеу Орталығы жаңа бағдарламаны қолға алды. 10-11 сынып оқушылары математика, физика, химия, тарих, география, биология, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерін қосымша оқу арқылы білімдерін жетілдіре алады. Орталықта жоғары санатты оқытушылар дәріс береді. Сабақтар офлайн форматта барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып жүргізіледі.

-Жасыратыны жоқ, Атырау облысы ҰБТ көрсеткіші бойынша елімізде соңғы орындардың бірінде. Бұл бізден мектеп түлектеріне сапалы білім беріп, жоғары оқу орнына түсуге жан-жақты дайындауды талап етеді. Өткен жылы университет базасында Ustudy тестілеу Орталығы ашылған болатын.

Орталық тестілеу бойынша сынақтар өткізу, түрлі оқу курстарын ұйымдастыру және халықаралық ұйымдармен байланыс орнату жұмысын іске асырады. Білім беру саласында онлайн сервистерді енгізу мен дамыту алаңы ретінде Орталық тестілеудің жаңа мәдениетін қалыптастыруды мақсат етеді,-деп атап өтті  Сафи Өтебаев атындағы Атырау мұнай және газ университетінің ректоры Гүлзада Шакуликова.

  Ustudy Атырау филиалының директоры Юрий Лидің айтуынша, Ustudy арқылы IELTS, TOEFL ITP, CEPT, TKT CLIL, Language for Teaching, CFA, Microsoft курстары бойынша тест тапсыруға,  NUFIP, SAT, GRE, GMAT, ACT емтихандарына, PISA, TIMSS, TALIS, PIRLS, PIAАC зерттеулеріне сынақ тапсыруға мүмкіндік бар.

Орталықта барлық жағдай жасалған – жайлы орын, жарқын дизайн және заманауи материалдық-техникалық жабдықтар бар.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз