Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Атырауда жалған нөмірмен жүрген жүргізушілер ұсталды

Көлігіне жалған мемлекеттік белгі орнатқан екі азамат анықталды.

Атырау қаласы аумағында 30 қаңтар мен 5 ақпан күндері  аралығында өткізіліп жатырған “Қауіпсіз жол” жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде патрульдік полиция қызметкерлері көлік құралына жалған мемлекеттік белгі орнатқан екі жүргізушіні анықтады. Олардың бірі көлік құралын масаң күйде басқарған.

Мәселен, 29 қаңтар күні сағат 01:30 шамасында Абылхайырхан даңғылында орналасқан Абай орталығы тұсында патрульдік полиция қызметкерлерімен “Peugeot” маркалы автокөлігі тоқтатылды. Тексеріс кезінде, аталған көліктің 1997 жылы туған жүргізушісінің масаң күйде екендігі белгілі болды. Онымен қоса оның көлік құралына жалған мемлекеттік белгі орнатқандығы анықталды.

24 жастағы жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590 бабының 4 бөлігімен _( көлік құралына жалған мемлекеттік белгі орнатып жүргізген)_  және ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабының 1 бөлігімен _(алкогольдік ішімдік ішкен масаю күйде көлік құралын басқарғаны)_ үшін әкімшілік хаттамалар  жасақталып, жинақталған іс-құжаттар заңды шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданды.

Одан басқа, 30 қаңтар күні сағат 22:09 шамасында Азаттық даңғылы Батыс-2 дүкен тұсында патрульдік полиция қызметкерлерімен “Toyota Camry” маркалы автокөлігінің жүргізушісі көлік құралына жалған мемлекеттік белгі орнатып жүргізгені үшін анықталып, оның 1995 жылы туған жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 590 бабының 4 бөлігімен _( көлік құралына жалған мемлекеттік белгі орнатып жүргізген)_  үшін әкімшілік хаттама  жасақталып, жинақталған іс-құжаттар заңды шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табуда.

«Атырау облыстық полиция департаменті»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button