Атырауда жалдамалы пәтерде күдікті қызмет көрсеткен

img 20220223 wa0007 Жаңалықтар

Атырауда жалдамалы пәтерде сексуалдық сипаттағы қызмет көрсеткен 2 азаматша анықталды.

«Stop-трафик» жедел профилактикалық іс-шарасы кезінде Атырау қаласы полиция басқармасының учаскелік полицтя қызметкерлері 21 ақпан күні сағат 23:30 шамасында Атырау қаласы, Азаттық даңғылында орналасқан көп қабатты үйлердің біріндегі жалдамалы пәтерден жеңіл жүрістегі екі қызды анықтады.
Олардың Түркістан облысының тұрғындары екендігі белгілі болды.
Оларға қатысты Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 437 бабымен (түнгі тыныштықты бұзу) және ҚР ӘҚБтК-нің 449 бабымен ( Қоғамдық орындарда заттарды өзгеше тәсілмен сатып алу, сату, айырбастау немесе иемдену мақсатында кәсіпкерлік субъектісі болып табылмайтын адам жасаған, сондай-ақ бал ашу, қайыршылық, сексуалдық сипатта қызметтер көрсету не өзге де қызметтер көрсетуді күштеп таңу мақсатында тиісу, яғни мазалап өтініш білдіру) әкімшілік хаттама жасақталды.

Ал, үй-жайды жалға берген 49 жастағы пәтер иесімен профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, пәтерді жалға беру дерегінің заңдылығын тексеру мақсатында, мәліметтер Атырау қаласының мемлекеттік кірістер басқармасына жолданды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз