
Жаңалықтар
Атырауда жаяу жүргінші жол апатына ұшырады
Кеше, 18 ақпан күні сағат 20:00 шамасында Атырау қаласындағы “Сарықамыс” шағынауданында реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан азаматшаны «Газель» автокөлігінің жүргізушісі қағып кетті.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, зардап шеккен азаматша түрлі дене жарақаттарымен облыстық ауруханаға жеткізілді. Оқиға орны тексеріліп, қажетті құжаттар жинақталуда.
-Жүргізушілерді жолда абай болуға, ал жаяу жүргіншілерді қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырамыз! — делінген баспасөз хабарламасында.
А.НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ