Индерде қыздар ерлерден қалыспай тұр (ФОТО)

IMG 20170910 WA0007 Жаңалықтар

Индер ауданында салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатындағы «Денсаулық фестивалі-2017» атты шараның ашылу салтанаты жаңа мәдениет үйінің алдында өтті. Бұл ауқымды шараға аудан тұрғындарымен қатар, мекемелерден, аудандық білім беру мекемелерінің ұстаздары мен оқушылары белсене қатысты. Спорттық шараларға қатысушылар жүгіру марафоны, веложарыс, кір тасын көтеру, қол күресі, жағажай волейболы секілді сындарда бақтарын сынады.

IMG-20170910-WA0007

Фестивальдің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Дарын Шамұратов аудан тұрғындарын мерекемен құттықтап, қатысушыларға сәттілік тілесе, орталық аурухананың бас дәрігері Анар Доспаева аудан тұрғындарын салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.

IMG-20170910-WA0008

Айта кетейік, шара барысында аудандық орталық аурухана қызметкерлері тұрғындарды қабылдап, қан қысымын, бойын, салмақ өлшемін тексеріп, тұрғындарға кеңес берді.

IMG-20170910-WA0009

Сайыстың қорытындысымен ерлер арасында веложарыстан Қабдығалиев Нұрдаулет, Тәңірбергенов Бауыржан, Бергенбай Даулет, ал қыздар арасында Әділханова Анель, Кенжебаева Гүлназ, Абдулхакимова Айгерім алғашқылардың бірі болып келді.

IMG-20170910-WA0010

Ал жүгіру марафонының нәтижесінде ұлдар арасында Шарипов Диас, Кадырғалиев Темірлан, Қарес Маулет, қыздар арасында Ларионова Екатерина, Рахымғали Айгерім, Боранбаева Анель жүлдегер атанды.

IMG-20170910-WA0011

Сонымен қатар, 18-35 жас аралығындағы ерлер арасында Комиссариев Ербол, Арыстанов Төлеби, Жәрдемов Жанарыс, қыздар арасында Пауеденова Әдемі, Таженова Ару, Қорғанбаева Эльза, 35-50 жас аралығындағы ерлер арасында Өмірбеков Ерлан 1 орын, Амантурлин Жәнібек 2 орын, Ғабдуллин Алтынбек 3 орын алса, қыздар арасында Қабдешова Нұргүл 1 орын, Айтпаева Тоты 2 орын, Нұрмағанбетова Жанар 3 орынды қанағат тұтты. Ал 50 жастан жоғары ерлер арасында Жаңбыршиев Қоныскерей, Нұргалиев Бергенбай, Бисенов Тілек, қыздар арасында Өтеғалиева Гүлшат, Серикова Алтын, Ташенова Мәншүк жеңіске жетті. Шара соңында жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар атанғандарға дипломдар мен медаль табысталды.

IMG-20170910-WA0012

Айта кететін бір жайт, айтулы шараға ауданымыздағы С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің қызметкерлері ұйымшылдықпен қатысты.

Диас АЙБАРОВ.

Индер ауданы.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз