Атырауда жаңа мөлтекаудан салынады
Бұл туралы бүгін облыс әкімі жанындағы жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі аймақтық кеңес отырысында Атырау қаласының әкімі Нұрлыбек Ожаев мәлімдеді. ««Нұрсая» ықшамауданындағы көп қатарлы үйлердің құрылысы аяқталғаннан кейін, «Береке» мөлтекауданында жаңа үйлер салынады. Бүгінде аталған ауданның бос жатқан жерлеріне инфрақұрылымдар жүргізу, тұрғызылатын үйлердің жобалық-сметалық құжаттарын жасақтау бағытындағы жұмыстар атқарылуда. Оның сыртында «Нұрлы жол» есебінен, «Тұрғын үй құрылыс» комбинаты 8 үй, «Кадрлық қауымдастық» компаниясы 6 үй салуда. Яғни, жекелеген компаниялар үй сала береді. Бастысы, Атырауда тұрғын үй салу ырғағы бәсеңдемейді» деді ол. Еске сала кетейік, бір ғана Атырау қаласы бойынша қазір 16 мың 552 адам пәтер кезегінде тұр.
Баян ЖАНҰЗАҚОВА.