Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда зейнеткер әжейді тал түсте тонағандар ұсталды

Қылмыстық оқиға тапа тал түсте Атырау қаласындағы «Тұрғындар қалашығы» ауданында болған деп хабарлайды atr.kz

«Қаскөйлер көп қабатты үйдің пәтерлерінің бірінің есік қоңырауын соғып, ішке енеді.   Олар есігін ашқан 71 жастағы   зейнеткерге  күш көрсетіп, ақша,  ұялы және радио телефонын, алтын алқасы мен сырғасын алып, оқиға орынынан бой тасалап қашып кеткен.

Аталған қылмысты жедел ашу мақсатында Атырау облысы Полиция департаменті бастығы Қамза Үмбетқалиевтың бұйрығымен тәжірибелі қызметкерлерден арнайы тергеу жедел тобы құрылды.

Іздестіру шараларымен  ұзамай күдіктілер  анықталып, ұсталды,»- деп хабарлады Атырау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары  полиция полковнигі Нұрхат Оразбаев.

Тексеру барысында, азаматшаға  479 000 теңге көлемінде залал келтірілгені, сонымен қатар, күдіктілердің біреуі  бұрын ұрлық қылмысы үшін сотталғаны анықталды. Қазіргі кезде ҚР ҚК-нің 191 бабы 3 бөлімімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button