Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Атырауда заңсыз қарулар тапсырылып жатыр

Atr.kz/10 тамыз, 2020 жыл. Осыдан бір ай бұрын республика көлемінде халықтан заңсыз сақталудағы атыс қарулар, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу акциясы басталған болатын. Бұл ретте атыраулықтар ерікті түрде заңсыз сақталып келген атыс қарулары мен оқ-дәрілерді құзырлы органға тапсыруда.

Күні бүгін облыс тұрғындары өздерінің жергілікті жерлеріндегі полиция бөлімдеріне 40-қа жуық атыс қаруын және 100-ден астам оқ-дәріні тапсырды. Ерікті түрде тапсырғандарға сыйақы ретінде республикалық қазынадан 1 млн. 7 мың теңге төлену көзделіп отыр.

  • Акция қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атыс қаруларын қолдана отырып жасалатын қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында ұйымдастырылды. Оның барысында ерікті түрде заңсыз сақталған қару-жарақ пен оқ-дәрілерді тапсырғандар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады. Ал, азаматтарға сыйақы Ішкі істер министрінің «Заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәріні және жарылғыш заттарды азаматтардың ерікті түрде өтемді тапсыру қағидаларына бекіту туралы» бұйрығының талаптарына сәйкес төленеді, — деді облыстық полиция департаментінің баспасөз жетекшісі Гүлназира Мұхтарова.

 Акция негізіндегі жұмыстарды атқаруда коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу, сақтық шараларын қатаң сақтау да қолға алынды. Бұл ретте облыстың Бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес жарияланған карантиндік режимге байланысты, қару-жарақ, оқ-дәрілерді тапсыратын азаматтар «102» операторына немесе 98-23-23, 98-21-55, 98-22-05 телефондары арқылы хабарласа алады.

«Atr-Ақпарат»

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button