Атырауда жүк көлік жүргізушілеріне былтыр 35 миллион теңгеге жуық айыппұл салынған

57192370 669657166802286 5415379389984538624 o Жаңалықтар

Аtr.kz/21 сәуір, 2019 жыл. 2019 жылдың 3 айында 174 тасымалдаушы жүк көлігі ұсталып, оларға 11 млн.114 мың 570 теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бұл туралы ӨКҚ-де өткен брифингте Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы басшысының орынбасары Аманжол Хабдешов мәлімдеді.

– Атырау облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясымен 2018 жылы құқық бұзушылықпен инертті жүк тасымалдайтын 782 автокөлік құралы анықталып, 34 млн.879 мың 420 теңге айыппұл салынды. 2019 жылдың 3 айында 174 карьер автокөлік құралы ұсталып оларға 11 млн.114 мың 570 теңге айыппұл салынды. Осы бағытта инспекциямен жергілікті атқарушы, прокуратура, полиция департаменті және мемлекеттік кіріс органдармен бірлескен күш түсу алгоритмін бақылау және ауыр жүк көліктерінің салмағын тексеру жөнінде жол картасы жасақталып, облыс әкімнің орынбасарымен бекітілді , – дейді Аманжол Хабдешов.

Айта кетейік, облыста инертті құрылыс материалдарын өндіретін 9 ашық карьер анықталып отыр. Олардың 5-і облыс орталығынан 180 шақырым қашықтықта орналасқан Индер ауданының аумағында, 2-і Атырау қаласының маңында, 1-і облыс орталығынан 250 шақырым қашықтықтағы Жылыой ауданында орналасқан және Қызылқоға ауданының орталығы Миялы селосынан 5 шақырым қашықтықта 1 карьер бар. Мониторинг нәтижесі көрсеткендей аталған карьерлер маусымдық кезеңмен жұмыс жасайды.

Еске сала кетейік, 2017 жылдың 28 желтоқсанында ведомстоваралық отырыста облыс әкімі Нұрлан Ноғаев облыстағы жолдардың нашарлауына тікелей себепші үлкен жүк көліктері екенін мәлімдеді. Артық жүк тиеген жүргізушілерге шара қолдану керектігін айтып, көліктік бақылау инспекциясы қызметкерлеріне ескерту жасаған болатын. Ауыр жүк көліктері үшін қаралмаған жолдарды жүргізушілердің есепсіз пайдалануы – жол төсендісінің қысқа мерзім ішінде жарамсыз жағдайға түсуіне ықпал етіп отыр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз