
Жаңалықтар
Атырауда заңсыз ауланған 156 келі балық тәркіленді
«156 келі қара балық “Бекіре-2021” іс-шарасы аясында тәркіленді» деп хабарлайды Atr.kz
Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиевтің айтуынша, 156 келі қара балық он күн ішінде тәркіленген. 30-ға жуық адам заңсыз балық аулағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылған.
Одан басқа, қолдан жасалған 9 қайық анықталып, айып тұрағына жеткізілді.