«Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы сайланды

16522079 10210530439771611 1138306878 o Жаңалықтар

Бүгін Атырау облыстық «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы болып Ринат Ғилажев сайланды. Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев өткізген жастар қанатының Атырау облыстық филиалының Х конференциясында Ринат Ғилажевтың кандитатурасы бірауыздан қабылданды.

16522079_10210530439771611_1138306878_o

Ринат Ғилажев 1985 жылы Атырау облысында туған. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетін бітірген.

Бұған дейін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде аға оқытушы, Қ.Дүтбаева атындағы Атырау гуманитарлық колледжінде жастар ісі жөніндегі маман, Атырау қаласының жастар ресурстық ортылығының басшысы қызметтерін атқарған.

«Еске сала кетейік, былтыр облыстық «Жас Отан» жастар қанатының төрағасы болған 32 жастағы облыстық маслихат депутаты Асқар Бопылдықов желтоқсанның 28-іне қараған түні ауыр дерттен көз жұмған еді. Аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев жастарды Асқар Бопылдықовтың еңбегін үлгі етіп елге аянбай еңбек етуге шақырды.

«Жастайыңнан шоққа түсіп үйренсең, отқа тастағанда қиналмайсың. Бұл кезең – адамның өзін қайрап, жан-жақты дамытатын уақыты. Сіздерді жарқын идеялардан рух алып, толағай істерге ұмтылып, ел деп еңбек етуге шақырамын сіздерді», – деді аймақ басшысы.

Конференция барысында Елбасы, партия Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына Жолдауынан туындайтын міндеттер, «Жас Отан» Жастар қанаты Атырау облыстық филиалы Кеңесінің жаңа құрамын сайлау мәселелері де қаралды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз