Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атырауда волонтерлік қозғалыс орталығы құрылды

Atr.kz/21 ақпан, 2020 жыл. Бұл туралы тұрғындармен есептік кездесуде Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов айтты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды Қазақстандағы волонтерлер жылы деп жариялады. Атырау облысында белсенді, білімді жастарды қолдауға бағытталған шаралар іске асуда. Ел болашағы саналы ұрпақтың қолында.

«БІРГЕМІЗ» жалпыхалықтық волонтерлік жобасы бастау алды.
— Жоба аясында оқушылар мен жастар орталығында волонтерлік қозғалысты дамыту орталығы ашылады. Еріктілерді қолдау мақсатында жүйелі жұмыстар қолға алынады,- деді Махамбет Досмұхамбетов.
Өткен жылы облыста «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында 144 жоба іске асты. 450 мың адамды қамтыған мыңнан астам әр түрлі шара ұйымдастырылды.
«Қазақстанның киелі жерлер географиясы» жобасына облыстан 7 нысан енді.
—  «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет» арнайы жобасы аясында Санкт-Петербургтегі Ресей этнографиялық музейінде көрме ұйымдастырылды.

«Қазақстанның алтын мұрасы» шарасында Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейіндегі сарматтар дәуіріне қатысты жәдігерлер көрсетілді,- деп атап өтті облыс әкімі.
Өңірдегі киелі жерлер туралы «Өз көзімен» атты 12 сериялық деректі фильм түсірілді. Ол «Қазақстан-Атырау», «Caspian news» телеарналарында көрсетілді.
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы – идеологиялық жұмыстардың негізі. Сондықтан, уақыт талабына сай шаралар легін өткізуді жақсарту керек. Аймақтағы белгілі тарихи тұлғалар туралы деректі фильмдер, басқа да ақпараттық өнімдер жасауға кірісу керек.

http://atr.kz/bez-rubriki/%D2%9Bordajda%D2%93y-zh%D2%B1myssyz-zhastardy-%D2%9B%D2%B1rylysy-%D2%9Bar%D2%9Byndy-zh%D2%AFrip-zhat%D2%9Ban-ajma%D2%9Btar%D2%93a-zhiberu-kerek/

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button