Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда волонтерлар арасындағы «Мейірім шыңы» байқауы қорытындыланды

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Халықаралық волонтерлар күні қарсаңында алғаш рет ұйымдастырылған облыстық байқауға 150 ерікті қатысты — деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі .

Байқау мақсаты — «Birgemiz» жалпыұлттық жобасының 12 бағыты бойынша волонтерлердің қоғамдағы рөлін арттыру және жан-жақты қолдау көрсету.

Қорытынды кешке Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық қоғамдық кеңес төрағасы Мақсым Ізбасов қатысты.

56efeb49 13c2 40e2 82d9 005726b4e9a1
  • Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Волонтерлік – патриотизмнің бір көрінісі деген еді. Атырауда да 2021-2023 жылдарға арналған Жол картасы аясында 57 волонтерлік ұйымдар мен мыңға жуық еріктілер қоғам үшін белсенді қызмет атқаруда. Бүгінде жастарымыздың ерікті түрде ұйыса білуі қуантып отыр. Тәуелсіз еліміздің болашағы үшін өлшеусіз еңбек сіңіріп жүрген баршаңызға табыс, сарқылмас күш-жігер тілеймін, — деді, облыс әкімінің орынбасары Бақытгүл Хаменова.
8f1a3b3b fe01 41f0 9adf 2feedae8cd49

Байқау қорытындысымен ерікті топ жетекшілері «Үздік волонтерлік топ», «Үздік аудандық волонтерлік топ», «Мейірім», «Асыл жүрек», «Туған өлке жанашырлары», «Білім жаршысы», «Қайырымдылық жолында», «Жақсылық жаршысы», «Белсенді тұлға», «Жан жылуы» номинациялары бойынша марапатталды.

Сонымен бірге белсенді волонтерлар — Тілек Күзенбаев пен Нұргүл Құрманғалиева ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаеваның алғыс хатымен марапатталды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button