Жаңалықтар
Атырауда үш жасар бала терезеден құлап кетті
Атырау қаласындағы «Нұрсая» шағынауданында көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде үш жасар бала терезеден құлап, оқыс оқиға орын алды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен білгеніміздей, «жедел жәрдем» қызметкерлері терезеден құлаған баланы облыстық балалар ауруханасына шұғыл жеткізді. Оның жағдайы аса ауыр. Қазір жансақтау бөлімінде.
Сала мамандары аталған оқиғаға байланысты балаларды бір сәтке де қараусыз қалдырмау қажеттігін қатаң ескертеді.
А.Шоқан