Құлсарыда 16 адам құтқарылды

0c5cce29 d4b8 4d38 918a 22745b077052 Жаңалықтар

Құлсары қаласында 5-6 сәуірдегі су тасқыны кезінде тұрғындарды эвакуациялау барысында Жылыой полиция бөлімінің патрульдік полиция взводының командирі, полиция капитаны Әлиғазым Тыныштықов және взвод командирінің орынбасары, полиция капитаны Мейрамбек Русланов, облыстық Полиция департаменті су полициясының инспекторы Нұрлан Әбу су құрсауындағы үйлерде қалып қойған 16 азаматты құтқарып, қауіпсіз жерге көшірді.

Одан басқа қала халқының үй жануарлары және ірі қара малы да қауіпсіз аймаққа шығарылды.


Адам өмірі мен қауіпсізлігін сақтап қалу мақсатында полиция қызметкерлері осындай қажырлы іс-әрекеттерін Жылыой ауданында одан әрі жалғастыруда.


Қуандық ШӘКІРОВ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз