Атырауда үш күнде 644 рет жол ережесі бұзылған

1580117166 news b Жаңалықтар

Атырау облысында соңғы үш күнде жолда жүру ережесі 644 рет бұзылған. Мас күйде рульге отырған 10 адам ұсталды.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 4-6 наурыз аралығында өңір аумағында «Мас жүргізуші – қылмыскер» рейді өткен.

«Бұл іс-шараны өткізудегі мақсат – мас күйде рульге отыратындарды, көлік жүргізу құқығынан айырылған жүргізушілерді анықтау. Олардың қатысуымен болуы мүмкін жол-көлік оқиғаларының алдын алу. Үш күнге созылған іс-шара кезінде жолда жүру ережесін бұзған 644 дерек анықталды. Көлік құралын мас күйде басқарған 10, жүргізуші куәлігінен айырылған 1 адам ұсталды» дейді полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Нұрхат Оразбаев.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз