Алаяқтарға сот үкімі шықты

kkkk 1 Құқық


Он бір атыраулықты сан соқтырған алаяқтарға сот үкімі шықты.

Тәртіп сақшыларына арыз жазған тұрғындардың айтуынша, жарнама сайты арқылы жалға пәтер аламыз деп әлдекімдер ақшасын иемденіп кеткен. Белгісіз біреулер тұтынушыларды қызықтыру үшін әдемі интерьері бар үйдің суреттерін нарықтағы бағадан төмен ұсынып жарнамасын шығарып, хабарласушыларға белгіленген соманы алдын ала төлеуді талап еткен. Кейіннен алаяқтар хабарландыруды алып тастап, байланыс нөмірін ауыстырып отырған. Осылайша, әр жаңа нөмірді пайдалану арқылы атыраулықтарды құрыққа түсіріп отырған.

–Құқық қорғау органдарының жедел іздестіруімен, олар 28 және 34 жастағы БҚО азаматтары екені анықталыпты. Сот үкімімен біріне 4 жыл 6 ай, екіншісіне 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасы тағайыналды, – деп хабарлады облыстық полияция департаментінің баспасөз қызметі.
Малика ТӘКЕЖАНОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз