Жарнама
ЖаңалықтарҚоғам

Атырауда ҮЛКЕН жүректің иесі тұрады!

…Ол – ерлікке пара-пар іс жасаған жан. Қашан да қиындыққа ұшырағандарға қолғабыс етуге асығып тұрады. Үлкен жүрек иесі. Әңгіме – ерікті Мира Есниязова жөнінде.

Өткен жылдан бастап, күллі адамзат ұғымындағы құндылықтарға қатысты өзгеріс енгізген, кəдуілгі тірлігінен жаңылдырған жаман кесел кейіпкеріміздің өміріне де өзгеріс əкелді. Азаматтық орталықта қызмет атқарып, волонтерлік топтармен етене жұмыс жасаған Мира пандемия өршіген тұста облыстық ауруханаға барып, алғашқы еріктілер тобымен бірге «қызыл аймаққа» енді. Еш ойланбастан, күндіз-түні қиналғандардың қасынан табылып, баллон тасып, мəйітханаға да барды. Қан тапсырып, донор да болды. Ел сүйсінерлік ерлік істер осылайша жалғаса берді. Ойлап қарасаңыз, үйінде шиеттей ғана үш баласы бар ана осындай қадамға үлкен жүрек иесі болмаса, бара ма?!

Расында да, сол қиын-қыстау кезеңдерден бастап, ол Əмина Жəрдемқызы сынды білікті ұйымдастырушы, қайырымды істердің ұйытқысы болып жүрген жанның жетекшілігіндегі Атырау волонтерлер штабының құрамында талай ізгі істердің басы-қасынан табылды. Азықтүлік себетін жасақтау, тарату, байланыс орнату, мұқтаж жандарға жəрдемдесу. Аталған штаб жүзеге асырған ізгі істер тізбесі осылай жалғаса береді. Ж а ң а ж ы л м е р е к е с і қ а р с а ң ы н д а б а л а т ү г і л і , ересектердің өзі бір ғажайыпты күтетіні жазылмаған қағидат емес пе?

Облыстық əкімдіктің қаржыландырып, ұйытқы болуымен Атырау волонтерлер штабы аса ауқымды шараны жүзеге асырды. Облыс көлеміндегі 7000 балаға жаңажылдық ойыншықтар мен тəттілер таратылды. «8 жылға жуық белсенділікпен айналыссам да, алғаш рет 7000 сыйлық жасадық» деп штаб жетекшісі Əмина Жəрдемқызы да өз сөзінде атап өткен-ді. Расында да, акция барысында облыс көлеміндегі ерекше балалар мен олардың бауырлары да қамтылуы тұңғыш рет сəтті жүзеге асқан жоба болды. Сыйлықты т аңдау, оны жеткізу, түсіру, теңдей бөлу, арнайы тізім жасақтау, оны əр балаға жеткізу. Акцияның ауқымдылығы о сыдан-ақ аңғарылып тұр емес пе?

Осы жұмыстардың барлығын да волонтерлер жабыла жүріп атқарып, өз мəресіне жеткізді. Ақы-пұлсыз, негізгі жұмыстарынан тыс уақытта ғана айналысуға мүмкіндіктері бар екенін ескерсек, жақсы істің басы-қасынан табылған жандардың кеңпейілдігіне таңданбасқа да амал жоқтай. Мира Есниязова да – аталған акцияның алғашқы күнінен бастап, ең соңғы сыйлық 10 қаңтар күні өз иесіне табысталғанға дейін қызмет еткендердің бірі. Қызығынан гөрі, қиындығы басымдау осы жұмыс тəмамдалған тұста бізбен əңгімелесіп, табиғи қалыбына сай, риясыз көңілмен бар көрген-білгенін жеткізген ол қарабаласқа толы күндерді ой елегінен өткізген болатын.

  • – Əртүрлі үй – əртүрлі эмоция. «Сəлеметсіз бе, Атырау облысы волонтерлер штабынан хабарласып тұрмын, есімім – Мира. Сіздің ерекше балаңыз бар екен. Одан бөлек 3-15 жас аралығында балаларыңыз бар ма? Есімдері мен ЖСН нөмірін айтасыз ба? Облыс əкімдігі е р е к ш е б а л а л а р ғ а а р н а п жаңажылдық «Шын жүректен» акциясын ұйымдастыруда. Сіздің мəліметтеріңізді арнайы базаға енгізейін деп едік». Жаңа жыл мерекесінен біраз уақыт бұрын басталған дайындық жұмыстары кезіндегі əр күніміз осылай басталатын, — деп еске алады ол.

«Бұл – 21 желтоқсаннан бастап, күнделікті қолымызға берілген тізім бойынша əр атаанаға телефон шалып, айтатын сөзіміз, қоятын сұрағымыз. Ж ұ м ы с т а н т ы с у а қ ы т т а , əрине. Себебі, волонтерлік қызметіміз өз жұмысымызға еш зиянын тигізбеуі керек екенін жақсы білеміз» деген ол «APEC PetroTechnic» жоғары к о л л е д ж і н д е т р е н е р д і ң ассистенті болып жүріп, жұмыс уақыты аяқталған кезде штабқа асығатын.

Өзі секілді жұмыстан жаңа шыққан волонтерлермен бірге уақытпен санаспастан қызмет қылды. – «Бірнеше күн бойына соғылған үздіксіз қоңыраудың н ə т и ж е с і н д е с ы й л ы қ т а р үлестірілетін ерекше баласы бар ата-аналардың арнайы базасы жасақталды. Содан кейінгі жұмыс – сыйлықтар таңдау мен оларды жеткізу жəне теңдей етіп жас ерекшелігіне қарай бөлу. Тəттілер салынатын дорбаларды тігу, олардың ішіне сыйлықтарды салу,- деген оның əңгімесі қызықтырып баурағанымен, бұл жұмыстардың айтуға ғана оңай екенін бағамдап-ақ отырмыз. Талай таңды ұйқысыз атырса да, «шаршадым» деп, топтан қалып, қол үзу – оларға тəн емес қылық. Тегінде, «волонтерлік – бұл жай ғана əлеуметтік құбылыс немесе бір күнде қалыптасатын əдет, дағды да емес. Бұл – саналы түрде таңдалған өмір салты» деген мемлекет басшысының сөзі осынау жанкешті еңбектің шынайы бағасындай.

  • – Қоғамдық жұмысқа асыққан оларды сырттай көрген жандар «еріккендер» қатарына жатқызуы əбден мүмкін. Алайда, волонтерліктің лəззатын тек жан-дүниесімен жүргендер ғана түсіне біледі. Ойнап-күліп жүріп, жоспарланған жұмысты тиянақты тындырып, сағатқа қараған кезде «ертең жұмыс» болғасын ғана, үйге қайтуға тура келетін. Тіпті, қош айтысар сəтте мəз болған түрмен үйлеріне қайтып бара жатқан достарымды көргенде бұл салада бекер жүрмеген екенбіз-ау деген сезімге кенелетініміз де шын,- дейді ол.

Сыйлықтарды балаларға жеткізу – акцияның ең жауапты да қиын сəті. Бұл шақта автоволонтерлерге де, жаяу жүргендерге де с а лмақ түс етіні анық. Айтылған мекен-жайды таба алмау, уақыттың жетпеуі, сыйлық күтіп, ұйқыға жатпаған балалар, алаңдаған аналар. Осындай сəттерде волонтерлерді алға жетелеп, жігерлендіре түскен күш – балалардың шынайы қуанышы еді. Бар қиыншылық та, шаршау да бұл сəттегі сəбилердің сезіміне татымайтындай.

  • – «Апа, телефонды қоймаңыз, ана магазиннен асып барамыз, сіз айтқан үйден бұрылдық, енді оңға, сосын солға» деп табудың ең тиімді əдіс екеніне де көз жеткіздік. Ақ бата алған, қуаныштан жылаған, шынайы күлген, итке талана жаздаған сəттер де болды. Адамдар арасында тағдырдың түрлі қиындықтарына тап болғандар да бар. Еш эмоциясыз қабылдап, есікті тарс жапқандар да, «осы-ақ па?» дегендер де болды. Бірақ, біз үшін ең бастысы – балалардың қуанышы,- дейді Мира бізбен əңгімесінде.

Расында да, 21 желтоқсан күні басталып, 10 қаңтарда аяқталған акция барысында бір күн ішінде 68 үйге барған. Тіпті, жаңа жылды да өзге шаңырақта қарсы алды. Өз балаларының қасында болудан гөрі, сыйлық күткен өзге бөбекке қуаныш сыйласақ деген ой жетегіндегі еңбектері жанкештілікпен тең-ді.

  • – «7000 баланың қолына ұстатқан əр сыйлықтың артында Əмина Жəрдемқызы құрған Атырау волонтерлер штабы мүшелерінің үлкен еңбегі тұр. Біздің мақсатымыз – əр баланың қуанған жүзін көру. Сол межеге жеттік те! — деп тəмамдады əңгімесін волонтер Мира.
  • «Еріктілер жылы жалынды жастарымыздың бойындағы ең асыл қасиеттерді дəріптеген ерекше жылға айналды. Бұл жанашырлыққа, жауапкершілік пен қамқорлыққа үндеген ке зең болды. Біз мұқт аж жандарға қол ұшын беріп, түрлі қиындықтармен бірге күрестік. О с ы л а й ш а , а д а м ге р ш і л і к қ ұ н д ы л ы қ т а р д ы ж о ғ а р ы бағалайтын қоғам екенімізді таныттық» деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтер жылы жабылуының ресми жиынында сөйлеген сөзінде.

Расында да, əлемді жайлаған індет қайырымдылықтың қаншалықты маңызды екенін анық көрсетті. Ал, волонтер аталатын топ əлемді осындай ізгіліктерге кенелтіп, мейірлендіре түсті. Əркез көңілді жүретін Мира сынды жүрегі кең жандардың бар екені қуантады. Олар ішкі түйсіктің мықтылығымен ғана, қашан да жақсы істердің басықасынан табылады. Жасаған жұмысына ақы алмайды. Алайда, олардың жарасымды істері арқылы өзге жандар қуанышқа кенеледі. Атаулы жылдың аяқталар тұсында Мира Есниязова да «Халық алғысы» медалімен марапатталған еді. Салтанатты жиынға қатынасқан волонтерлер де марапат иесімен бірге қуанып, залды «Мира, Мира» деген қуанышты дауыстардың кернегені де құлақта қалыпты…

…Волонтер Мираның телефоны безілдей жөнелді. «Алло, сәлематсыз ба, Мира. Маған көмектесе аласыз ба? Қиналып тұрмын…» Тағы да телефон. «Мира, сәлематсыз ба? Мен сізді сырттай танимын. Ел ішінде жүрген соң, қолқа салайын деп ем. Көмекке мұқтаж жанды атай аласыз ба, мен қол ұшын созғым келеді…» …Жасалған жақсылықтар аз емес. өзі пәтер жалдап жүрсе де, жаңа ғана қоңырау шалған ананың өтінішіне бейжай қарай алмаған ол көмекке асығуда. Жақсылық жасау, жәрдемші болу. Міне, Мираның миссиясы осындай!

Гүлжан ƏМІРОВА

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button