ЖаңалықтарИнфрақұрылым

Атырауда уақытша жол жабылады

«Атырау мұнай-өңдеу зауыты» ЖШС 3 ақпан күнгі сағ.08.00-ден 4 ақпан сағ.17.00-ге дейін З.Қабдолов көшесінен зауыт бағытындағы автомобиль жолын кесіп өтетін №1 кіреберіс темір жолын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуіне байланысты уақытша жол жабылады, деп хабарлайды atr.kz тілшісі Атырау қаласы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Іс-шара Атырау қаласының әкімдігімен және әкімшілік полиция басқармасымен келісілген.
Аталған учаскеде көлік қозғалысы уақытша шектелетiнін ескертеміз.
Түсіністік танытуларыңызды сұраймыз!», деп жазылған хабарламада.

Нұргүл Насыр

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button