Жарнама
ЖаңалықтарҚұқық

Атырауда тыныштықты бұзған «түнгі көбелектер» жауапқа тартылды

Атырау полицейлері тыныштықты бұзған «түнгі көбелектерді» жауапқа тартты.

21 наурыз күні полицияға тұрғындардан көршілес жалдамалы пәтерде түнгі тыныштықты бұзу фактісі бойынша хабарлама келіп түсті.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің басшысы Мейірім ЕРДӘУЛЕТТІҢ айтуынша, оқиға Махамбет көшесінде орналасқан үйдің пәтерлерінің бірінде орын алған.

№2 учаскелік полиция пунктінің қызметкерлерімен тексеру жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде аталған жалдамалы пәтерден жезөкшелікпен айналысатын Алматы және Түркістан облысының 2 азаматшасы анықталып, оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-ң 437 бабы «Түнгі тыныштықты бұзу) және ҚР ӘҚБтК-ң 492 бабы «Тұрғылықты жері бойынша тіркеусіз тұру» бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.

Сонымен қатар, тәртіп сақшыларымен пәтерді жалға беру дерегінің заңдылығын тексеру мақсатында Атырау қаласының мемлекеттік басқармасына мәліметтер жолданды.

Аман ШАМАР

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button