Қасым-Жомарт Тоқаев: Елбасы жаһандық деңгейдегі саяси қайраткер ретінде ұлылығын көрсетті

Nazar Жаңалықтар

Atr.kz/20 наурыз, 2019 жыл. Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның қол жеткізген жетістіктері – ең алдымен Қазақстан Республикасының киелі тәуелсіздігінің, ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қажырлы еңбегінің арқасында мүмкін болғанын мәлімдеді.

«Кеше наурыздың 19 күні барша әлем жұртшылығы аса маңызды тарихи оқиғаға куә болды. Қазақ мемлекеттілігінің негізін қалаушы ұлы тұлға, ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз еркімен Мемлекет басшысы өкілеттігін тапсырды. Елбасының бұл жігерлі шешімі – оның жаһандық деңгейдегі және тарихи ағымдағы саяси қайраткер ретінде ұлылығын көрсетті», – деді ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қасым-Жомарт Тоқаев.

images 1

Президент міндетін атқарушы Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, біздің қол жеткізген жетістіктеріміз, ең алдымен Қазақстан Республикасының киелі тәуелсіздігі, Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың қажырлы еңбегінің арқасында мүмкін болды.

«Елбасы аса күрделі геосаяси жағдайда жаңа мемлекеттің іргесін қалады және оның көшін бастады. Көптеген теріс болжамдарға қарамастан, мемлекетті барша әлем мойындаған, табыстарға жеткізді. Дүниежүзі картасында қарқынды дау, демократия, келісім мен бейбіт өмірдің шынайы символына айналған мемлекет пайда болды. Елбасы Қазақстанның тарихында тұңғыш рет жаңа мемлекеттік институттардың негізін салды. Олардың қатарында Президенттік институтты, қос палаталы Парламент, Мемлекеттік қызмет, Қарулы күштер, дипломатиялық қызмет, сондай-ақ азаматтық қоғам институттары бар. 1995 жылы Ата заңымыз қабылданды», – деді  Қасым-Жомарт Тоқаев.

Дереккөз: «ҚазАқпарат»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз