ЖаңалықтарШаһар шырайы
Атыраулықтардың сұрауы бойынша қоғамдық көліктерге кондукторлар қайтарылмақшы
Атырау қаласының әкімі Қайрат Оразбаевтың шешімімен қоғамдық көліктерге кондукторларды қайтару жұмыстары басталды, деп хабарлайды Atr.kz тілшісі.
Айта кетейік, қала тұрғындарының тарапынан аталған мәселе бойынша көптеген арыз-шағымдар түскен болатын.
Енді жуық арада кондукторлар қызмет көрсететін болады. Олар билет беру және тексеру жұмыстарымен айналысады.
Сондай-ақ, жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығына да жауап береді.
Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ