Жарнама
Жаңалықтар

Құрманғазы ауданының әкімі тағайындалды

Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Құрманғазы аудандық мәслихатының депутаттарына ҚР Президенті Әкімшілігімен келісілген Құрманғазы ауданының әкімі лауазымына Абат Сайфоллаұлы Жанғалиевтің кандидатурасын ұсынды. Абай Жанғалиевтің кандидатурасын депутаттар бірауыздан мақұлдады, деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі. 

Абат Жанғалиев 1977 жылы Құрманғазы ауданы Орлы ауылдық округінде дүниеге келген. Батыс Қазақстан мемлекеттік аграрлық университетін «агрохимия және топырақтану» мамандығы, Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялар жүйелер университетін «құқықтану» мамандығы бойынша тәмәмдаған.

Еңбек өтілі: 05.1999 — 11.2000 жылдар аралығында «Шакупов» шаруа қожалығы тігу цехының тері өңдеушісі; 11.2000 — 01.2001 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Атырау облыстық аймақтық басқармасының шекарадағы мал дәрігерлік-фитосанитариялық қадағалау бекетінің мемлекеттік фитосанитариялық инспекторының м.а; 01.2001 — 05.2011 жылдар аралығында ҚР АШМ Атырау облыстық аймақтық инспекциясының шекарадағы мал дәрігерлік-фитосанитариялық қадағалау бекетінің мемлекеттік фитосанитариялық аға инспекторы; 05.2011 — 12.2011 жылдар аралығында ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясының Өсімдіктер карантині және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі бөлімінің бастығы; 12.2011 — 01.2014 жылдар аралығында ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясының өсімдіктер карантині және фитосанитариялық бақылау бекеттері жөніндегі мемлекеттік инспекция бөлімінің басшысы; 01.2014 — 03.2021 жылдар аралығында ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Атырау облыстық аумақтық инспекциясының басшысы; 03.2021 жылдан бастап тағайындалғанға дейін ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Астана қаласы бойынша аумақтық инспекциясының басшысы қызметінде болды.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button