Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда тұрғындар тарапынан түсетін өтініштер саны артқан

2021 жылдың І тоқсанында қаралған жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы мәліметті назарларыңызға ұсынамыз.

         Атырау облысының жергілікті атқарушы органдарына жеке және заңды тұлғалардан 2021 жылдың І тоқсанында – 9 023 (жеке тұлғалардан – 7 012, заңды тұлғалардан – 2 011), 2020 жылдың  І тоқсанында – 8 540 (жеке тұлғалардан –  6 585, заңды тұлғалардан – 1 955) өтініш түскен. 

Салыстырмалы кезеңде түскен өтініштер бойынша 5,6%-ға (немесе 483 өтінішке) өсім байқалады.

Өтініштердің артуы негізінен жұмыспен қамту, білім беру және денсаулық сақтау, әлеуметтік көмек көрсету, карантин режиміндегі кәсіпкерлік қызметке қатысты рұқсат беру және т.б. мәселелермен байланысты болып отыр.

Облыс тұрғындарымен көтерілетін өзекті мәселелер негізінен жер бөлу – 4 156, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы – 1324, еңбек, жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау – 1046, білім беру – 532,  денсаулық сақтау – 262 мәселелері  бойынша қалыптасып отыр.

         2021 жылдың І-тоқсанында жергілікті атқарушы органдарға азаматтардан түскен өтініштердің қанағаттандырылған үлесі 10%-ды құрап отыр. Олар: жер бөлу – 249, еңбек, жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау – 198, құжаттандыру және азаматтық хал актілерін тіркеу -133, мемлекеттік басқару -110, еңбек заңдылығын сақтау – 75, білім беру – 54,  денсаулық сақтау – 41, құрылыс -37, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы – 18, мәдениет мәселелері —3.

         Облыс бойынша барлық деңгейдегі әкімдермен есепті кезеңде
636 азамат жеке қабылданды, қабылдау нәтижелерімен 98 азаматтың мәселелері оң шешіліп, 538 азаматқа заңға сәйкес түсінік берілді. Шешімін тапқан мәселелер тізбесі: жер бөлу – 22, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы – 30, еңбек, жұмыспен қамту, әлеуметтік қорғау – 44, денсаулық сақтау – 1, кәсіпкерлік -1.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында 2020 жылы Атырау облысы, қала және аудандар әкімдіктерінде ашылған Фронт-кеңселер сервистік әкімдік принципінде жұмыс жасауда, яғни азаматтардың барлық сындарлы өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыруда.

Сондай-ақ, жоғарыда аталған тұжырымдамаға сәйкес азаматтардың мемлекеттік органдарға жүгіну жұмысын жеңілдету, өтінімдерді бақылау ісін жетілдіру мақсатында «Е-Өтініш» ақпараттық жүйесі биылғы жылдың екінші жартыжылдығынан бастап іске қосылады.

Бүгінгі таңда мемлекеттік органдарда жаңа жүйенің пилоттық жобасын енгізуге арналған дайындық жұмыстары жүргізілуде.

Бұл ретте, қолға алынған әкімшілік реформаларды түсіндіру мақсатында арнайы Медиа-жоспар бекітіліп, жоспарға сәйкес наурыз айының 12 жұлдызында облыстық халыққа қызмет көрсету орталығында дөңгелек үстел  өткізілді. Дөңгелек үстелге облыс әкімдігінің, құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті басқармасының жауапты өкілдері қатысты.

Бұл бағыттағы жұмыстар алға қарай да жалғасатын болады.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button