Жарнама
Жаңалықтар

Атырауда «Тұрғындар қалашығы» жолы ашылып, Балықшы көпірі жабылады

Бұл туралы Атырау қалалық әкімдігінің «Фейсбук» желісіндегі парақшасында жарияланды.

«12 тамыз күні Әуезов көшесі бойындағы Азаттық даңғылынан бастап, Бимағанов көшесінің қиылысына дейінгі автокөлік қозғалысы ашылады.

Сонымен қатар, 13 тамыздан бастап Балықшы ықшам ауданындағы көпір арқылы автокөлік қозғалысы уақытша тоқтайды. Жөндеу жұмыстары барысында көпір құрылымының деформациялық қосылыстарын демонтаждау және ауыстыру, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында шұңқырларды жамау жоспарлануда.

Қайта жаңарту жұмыстарына байланысты Құнанбаев көшесінен бастап Балықшы-Зарослый тас жолы бойынша автокөлік қозғалысы тоқтатылады» делінген хабарламада.


Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button