Атырауда Халықаралық қарттар күні аталып өтті

whatsapp image 2021 10 01 at 15.25.20 Жаңалықтар

«Атырау облыстық қарттар мен мүгедектерге арналған интернат үйінде» мерекелік іс-шара өтті – деп, хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі.

Мерекелік іс-шараға Атырау облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының өкілдері қатысып, қарияларға басқарма тарапынан сыйлықтар табыс етті.

whatsapp image 2021 10 01 at 15.25.26
whatsapp image 2021 10 01 at 15.25.18
  • «Қарты бар елдің қазынасы бар» дегендей, біздің тілеуіміз үлкендеріміздің амандығы. Ортамызда елдің тілеуін тілеп, аман-сау жүре беріңіздер – деп, жылы лебізін білдірді Атырау облысы жұмыспен қамту басқарма басшысы А.Мәмбетов.

Н.Жантөрин атындағы облыстық филармония ұжымы концерттік бағдарлама ұсынып, мерекенің шырайын келтірді.

Зор құрметке ие болған қарттар ұйымдастырушыларға алғыс айтып, ризашылықтарын білдірді.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз